НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы ескертеді! Әлеуметтік желілерде таралып жүрген банктердің колл-центр телефондары дұрыс жазылмаған, яғни ол жалған ақпарат! Белгісіз тұлғалар ұялы телефоннан хабарласқанда немесе банк қызметіне жүгінер алдын суреттегі телефондарға хабарласып, анықтап алыңыз!
«Народный 7111, Хоумбанк 7979, Евразийский +7 (771) 000-77-22 — Beeline; +7 (700) 000-77-22 — Tele2/Altel; +7 (702) 000-77-22 — Kcell/activ. Сбербанк 5030, Банк центр кредит 5050».
Жыл басынан бері, яғни 2021 жылдың 2 айында Шымкент қаласы Полиция департаментіне 194 алаяқтық жайты тіркелген. Өткен жылы дәл осы уақыт аралығында 114 іс тіркелген болатын. Бұл дегеніміз, алаяқтарға алданған азаматтар көбейді деген сөз.
Әдетте алаяқтар белгісіз ұялы телефон нөмерімен хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінде жұмыс жасайтынын және қазіргі таңда алаяқтар жеке мәліметтеріңізді бұзып, сіздің атыңызға несие рәсімдеп жатыр, сол үшін жақын жердегі банкоматқа барып, рәсімделген несиені шешіңіз деп өзінің есепшотына аударған сәтте, ақшасын басқа есепшотқа аударып, алаяқтық жолмен иемденіп жатады. Бұл бір ғана мысал.
Шымкент қаласы Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке басыңызға қатысты мәліметтерді ешқашан ешкімге бермеуіңізді сұрайды. Бөтен азаматтардың айтқанына сенбеңіз! Өз мүлкіңіздің және қаражатыңыздың қауіпсіздігі өз қолыңызда!
Егерде Сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» телефонына қоңырау шалыңыз!