НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

2022 жылғы 11 сәуірден 15 сәуір аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге «Shymkent-baspana.kz» сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданады.

Несиелік тұрғын үйлердің орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданы және Әкімшілік іскерлік орталығы, Арғынбеков көшесі. Қабат саны – 12 және 9

1 ш/метрінің бағасы, таза әрлеуде: 180 000 теңге. Берілетін тұрғын үйлерде 900 пәтер, оның ішінде бір бөлмелі — 300 дана, екі бөлмелі -300 дана, үш бөлмелі — 300 дана.1 бөлме ауданы – 32,7-49,3 ш.м.,2 бөлме ауданы – 61,0 -66,0 ш.м.,3 бөлме ауданы – 74,5- 82,0 ш.м. «7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары: — Қазақстан Республикасының азаматының болуы; — Ипотекалық несиелердің болмауы; — Табыстың болуы; — Баспананың болмауы.Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 9 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, «First Heartland Jusan Bank» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы зейнетақы шотынан үзіндісі;5) жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады. Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.