Nokia компаниясы сағынғандарға арнап, 3310 моделін қайта шығаратын болды
Nokia брендімен құрылғы шығару құқы бар финляндиялық HMD Global компаниясы ақпанда Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасын шығарады, — деп хабарлайды The Independent.
Жаңа нұсқаның бағасы 59 еуро болатын көрінеді. Телефон осы модельді «сағынғандарға қосалқы құрылғы ретінде» шығып отыр екен.
«Сатылымға 2000 жылы шыққан телефон қуаттаусыз көп уақыт бойы қызмет көрсететін болады және зақымданбайтын корпусымен шығады. Бұл құрылғы заманауи ұялы телефондарының бастауы болған», — деп жазады басылым.
Газеттің мәліметінше, телефон Барселонада 27 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтетін Mobile World Congress кезінде таныстырылады деп күтіледі. Сонымен қатар, HMD Nokia аппаратының 3, 5 және 6-шы модельдерін таныстырады.
Кезінде ұялы телефон өндіретін ең ірі өндіруші болған Nokia 2010 жылдан кейін нарықта смартфон өндірушілерге жол беріп қойған болатын. 2013 жылы Microsoft компаниясы Nokia-ның ұялы телефондар өндіру бойынша бизнесін 5,4 миллиард еуроға сатып алған еді. Алайда өткен жылдың мамырында Nokia жаңа HMD компаниясымен алдағы он жылда Nokia брендімен жаңа буындағы смартфондар мен планшеттер жасауға бірегей құқық беретін келісімге қол қойған. Осы келісімнің шарты бойынша, Nokia компаниясы аттас брендпен ұялы өнімдердің сатылымынан HMD компаниясынан төлем алып отырады.