«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЮРОСЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL коференциясының күн тәртібі бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының коференциясында дебатқа түсетін қатысушылардың тізімі де бекітілді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев облыстық маслихатқа ұсынылатын үміткерлердің тізімі праймериз ережесіне сай жасақталғанын мәлімдеді.
«Жалпы партия филиалдарының конференциясын өткізу жөніндегі нұсқаулығына сай аудандық қалалық маслихаттардан облыстық маслихаттың депутаттығына 1 орынға 2 үміткер ұстанымымен тізім дайындалды. Қазіргі таңда бұл тізімде 90 үміткер бар. Оның 76-сы аудан қалаларда өткізілген коференция барысындағы дебатта жоғары дауыс жинаған үміткерлер іріктеліп алынса, 14-і облыстық филиал төрағасының квотасы арқылы өтіп отыр. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде облыстық маслихаттағы 45 мандаттың 30 пайызы әйелдер, 20 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар екені нақты көрсетілген. Барлық процестер заң талаптарына сай жүргізіліп келеді», – деді Бейсен Дәулетұлы.
Жалпы Түркістан облысында праймериз жоғары деңгейде өтті. Праймериз қорытындысы бойынша облыстық және аудан, қалалық мәслихаттардағы 320 орынға 640 резерв қалыптастырылды.
Облыстық конференцияның күн тәртібіне 4 мәселе енгізілген. Атап айтқанда, партияның облыс бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, дебаттық пікірсайыс бойынша үміткерлер үшін дауыс беру, облыстық маслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту және «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезіне делегаттарды сайлау жоспарланған. Осы конференциядан кейін Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының барлық деңгейдегі кадрлық резерв тізімі толық жасақталады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі