«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫНДА БОЛАШАҚ ДЕПУТАТТАР ІРІКТЕЛДІ
Түркістан облысының аудан, қалаларында кестеге сәйкес, «Nur Otan» партиясының конференциялары өтті. Алдымен түске дейін Жетісай, Түлкібас, Шардара аудандарында жиындар ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталсақ.
Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясына партия филиалы төрағасы Жамантай Бейсенбаев төрағалық етіп жүргізді. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 61 делегаттың бәрі қатысты. Күн тәртібіне сай конференцияда төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Жетісай аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту; «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Жуырда праймериз өтіп, бірқатар азааттар іріктелген болатын. Конференция барысында солардың арасынан облыстық мәслихатқа үміткер 14 кандидаттың арасында жария пікір сайыс өтті. Жиын соңында делегаттар өз таңдауын жасап 7 үміткер облысқа ұсынылды. Аудандық праймеризде жоғары дауыс жинаған 42 үміткер аудандық партиялық кадрлық резервке алынды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына 9 делегат сайланды.
Осындай жиындар Түлкібас және Шардара аудандарында да ұйымдастырылды. Пікірсайыстар мен конференция барысы тікелей эфирден көрсетілді. Бұл – саяси науқанның ашық әрі әділ өтуінің белгісі.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі