«НҰРЛЫ ЖОЛ» — БОЛАШАҚТЫҢ ЖОЛЫ

2014 жылдың 11 қарашасында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауымды жасады. Мұнда әлем экономикасының қазіргі елеулі қиындықтары үдей түскен геосаяси шиеленіс пен жетекші
державалардың өзара санкциялық саясатынан туындағаны айтылды.

Осы бір күрделі кезеңде Н.Назарбаев Ұлттық қордың қаржылық резервін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, экономикалық өсім үшін Үкіметке 2014–2015 жылдары екі транш бойынша 500 миллиардтан ақша бөлуді
тапсырды. Бұл – қысқа мерзімді жүйеден тыс шаралар емес еді, көлік және энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, шағын және орта бизнесті қолдаудың, жаңа жұмыс орнын құрудың алдын
ала жоспарланған құрылымдық түрлендірулерінің бір бөлігі ғана болатын.
«Нұрлы жол» бағдарламасында аса маңызды орын алатыны – көлік-логистикалық сала. Сенімді инфрақұрылымдық тірек – барлық өңірлерді Астанамен және өзара магистралды автомобиль, темір жол және әуе жолдарымен байланыстыруы тиіс болды.

Автомобиль жолдары жобаларының бірінші кезектегі маңыздыларының қатарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, Астана – Қарағанды – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтөбе – Атырау, Алматы – Өскемен, Атырау – Астрахань күре жолдары болды. Энергетикалық инфрақұрылымда Екібастұз – Семей– Өскемен және Семей– Ақтоғай – Талдықорған – Алматы электр тасымалдау жоғары вольтты желілерінің
құрылысын жүргізу басымдықты иеленді. Барлық осы жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдары мен өзге де өнімдерге деген сұранысты арттырды, жаңа экономикалық саясат бүкіл отандық индустрианың өсуіне
тиімді ықпал етіп, оның қозғаушы күшіне айналды.

Қараша айындағы Жолдаудан екі апта өткен соң, 2014 жылдың 15 желтоқсанында, Тәуелсіздік күніне орай өткізілген салтанатты жиында Елбасы тағы да күнделікті ағымдағы міндеттер шешімі туралы ғана емес, болашақты ойлаудың маңыздылығын да еске салды: «Қазақстан-2050» стратегиясы – миллиондардың жолы, бұл жолмен жүру – біздің буынның көптеген ұрпақтарының маңдайына жазылған. Біз белгілеген тарихи күнге дейін отыз алты жыл бар. 2050 жылы Тәуелсіздіктің құрдастары, 1991 жылы дүниеге келгендер – кейінгі жас қазақстандықтар үшін аға ұрпаққа айналады» деді ол өз сөзінде.