Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айтты

Ресейлік Ан-26 ұшағының Сирияда апатқа ұшырап, көп адамның қаза табуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев РФ-ның президенті Владимир Путинге көңіл айтып, телеграмма жолдады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспаөз қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

«Қазақстандықтар мен өзімнің атымнан қайғылы жағдайда қаза тапқан адамдардың отбасыларына, жақындарына көңіл айтамын»,-делінді жеделхатта.

«Қамшы» сілтейді