Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

«Қамшы» сілтейді