ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН АҒАЛЫ-ҚАРЫНДАСТАР
Токиодағы Олимпиада ойындарында керемет жағдай тіркелді.
Жарыстың екінші күні дзюдодан ағалы-қарындас Хифуми Абэ мен Ута Абэ күллі «күншығыс» елінің абыройын асырды. Хифуми 66 келіде қарсылас шақ келтірмей алтын жүлде алса, Ута 52 келіде топ жарды. Осылайша бір күнде бір үйден екі бірдей чемпион шықты.
Мұндай жағдай Олимпиада ойындарында бірінші рет тіркеліп тұр!
https://t.me/dodaqz/575