«ОҢТҮСТІК» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 72 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековты қабылдап, алты айда атқарылған жұмыстың есебін тыңдады.

Жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында бұл жылы 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу көзделген. Қазіргі таңда оның 4 жоба іске қосылып, онда 100-ге жуық жұмыс орындары құрылды.

Инвестицияның артуына индустриялық аймақ, көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы зор үлесін қосып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды.

Көлік логистикалық аймағында 32,5 млрд.теңгеге 53 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 15,9 млрд. теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 42,9 млрд. теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды