Отандық АЖ/ТҚҚ комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды
Сочидегі (РФ) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиада алаңында ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржы институттарының комплаенс-мамандары арасында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған үздік қаржылық анализге арналған конкурс өтті.
Ауқымды жарысқа Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдері қатысты.
Байқау ұсынылған жобаларды интерактивті талқылау форматында өткізілді.
Ақшаны жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда «дроптар» қарсы іс-қимылдың күрделі тетіктерін қолдана отырып, үздік қаржылық анализге арналған жұмыстар және оларға қарсы күресте тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың үздік үлгісі қаралды.
Дроптар-бұл заңсыз әрекеттерден қаражат жинау үшін қылмыстық схемаларға қатысатын адамдар.
Қазақстаннан «ATAIX Eurasia ltd.» криптобиржа – компаниясының AML комплаенсы Айдын Мұқашевтың кейсі ұсынылды.
Жобада ұсынылған дроптар мен VPN-ді қолдану арқылы жүзеге асырылатын күрделі алаяқтық схемалардың ұйымдастырушыларын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер сарапшылардың қызығушылығын тудырды.
Нәтижесінде бұл кейсті Еуразия кеңістігіне ұсынып, отандық тәжірибе туралы жариялау шешімі қабылданды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық кейс конкурстың жеңімпазы болып танылды!
Сарапшылар қазақстандық жылыстатуға қарсы жүйенің АЖ/ТҚҚ саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге дайындығын жоғары бағалады.
Еске сала кетейік, Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық Олимпиада ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Сочиде (РФ) өтуде.
Оған әлемнің 36 елінен 600 үздік оқушылар мен студенттер қатысады.
Қазақстандық команда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан (ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Maqsut Narikbayev University, Turan Unversity, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) 10 студент пен магистранттардан тұрады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі