«ОТАНҒА ҚҰРМЕТ — ӘРБІР ЖАСҚА МІНДЕТ»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич , NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің Әл-Фараби ауданы мамандарының және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Кекушинкай каратэ бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен «Отанға құрмет — әрбір жасқа міндет» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты жастарды Отанға құрмет көрсетіп, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, жастар арасындағы қылмыстың алдын алып, спортқа баулу.