ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 6199 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте 6 199 адамға вакцина салынды: I компонент — 5 160, II компонент — 1 039 адам. Егу науқаны басталғалы барлығы 83 908 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 9 083 адам вакцинаның екі компонентін алды.

26 сәуір күні КВИ-дің 35 жағдайы тіркелген (белгілері бар — 27, белгілері жоқ — 8 ). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30), төсек-орын толымдығы – 45 %.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 26 сәуір күні 265 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Шымкентте вакциналау бекеттерінің саны 42-ге ұлғайды. Қалада вакциналау қоры жеткілікті. Тұрғындарды екпе егуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі