ОТЫЗ ЖЫЛДЫҢ ОЛЖАСЫ

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері әр салада айтулы жетістіктерге жетті. Соның ішінде спорт саласы да тәуелсіз Қазақстанмен бірге қарыштап дамып келеді. Олимпиада жетістіктері, чемпиондар,  кешендер мен спорт сарайлары, Қазақстан өткізген әлемдік жарыстар тәуелсіз елдің жарқын  жеңісі. Отыз  жыл ішінде ел спортшылары едәуір жетістікке жетті. Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларда көк туымыз сан мәрте желбіреп, әнұранымыз шырқалды, рухымыз асқақтай түсті.

Спортшылардың жетістіктері мен жеңістері әлемдік спорттың дамуына үлес болып қосылды. Одан бөлек елде қаншама спорт ғимараты бой көтеріп, ұлттық спорт түрлері қайта жанданды.

Дене шынықтыру және спорт саласы ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты еркін, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің арқасында өшкеніміз жанып, ескіміз жаңарып, көнеміз жаңғырды. Сала заңнамасын жетілдіру үшін 2014 жылы саланы дамытудағы заманға сай талаптарға сәйкес келетін «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Президент Жарлығымен  және Үкімет қаулысымен бекітілген бес жылдық кезеңге арналған 4 мемлекеттік бағдарлама, 1 тұжырымдама бекітіліп, іске асырылды. Нәтижесінде нәтижесінде халықты дене шынықтыру және спортпен қамтудың үлесі 31,6%-ға жетіп,  ел тұрғындарының 5,9 миллионға жуығы дене шынықтыру және спортпен айналысатындығын көрсетті.

                    Шымкент спорты бағындырған белестер

Әрине, мұнша халықты дене шынықтырумен қамту тиісті инфрақұрылымды қажет етеді. Бұқаралық спортты дамыту арқылы дені сау өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғам үшін маңызды. Осы орайда, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің болашағы балалар мен жастарды спортқа белсенді түрде тарту жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласында 1991 жылы 337 спорт нысаны болса 2021 жылы олардың саны 882-ге жетті. Оның ішінде  3 стадион (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион, Локомотив, Биік стадионы), 1 спорт сарайы (Мұз сарай), 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы (Базарқақпа оқу-жаттығу орталығы), 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж, 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 458 жазықтықты құрылғылар: 8-спорттық ядролар, 345-спорт алаңшалар, 98-алаңдар, 7 спорттық трассалар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 9 бассейн (Денсаулық, №3 спорт мектеп, Роял, Су спорт кешені, Қасиет, Марс, Мадейра, Ворлд класс, Солтүстік Саяжай), 258 спорт зал, 70 орнатылған спорт залдар.

1991 жылы қаламызда 4 спорт мекемесі болған. Қазіргі уақытта  олардың саны 31-ге жетті. Спортпен шұғылданушылар саны 20300 болса, олардың саны 324 690-ге артқан. Қалада 30 жылдың ішінде пайдалануға берілген  мекемелер көп-ақ. 2012 жылдың 29 қазан күні ашылған спорт сарайының жалпы аудан  8578,3 м2 құрайды. Нысанда 2520 көрерменге мінбе қарастырылған. Қазіргі уақытта қысқы спорт түрлерінен оқу-жаттығу процестері мен түрлі спорттық жарыстар өткізілуде. Ал,

2011 жылы пайдалануға берілген «Жеңіл атлетикалық спорт кешенінің» жалпы ауданы 4946,6 м2 құрайды. Аталған спорт нысанда спорттың жеңіл атлетика және президенттік көпсайыс түрінен спортшылар шұғылданады. Оған қоса спорттың жекпе-жек түрлерінен ҚР чемпионаттары мен халықаралық турнирлер өткізіледі.

                                                   Жұлдызды жеңімпаздар

2012 жылдан бастап суда жүзуді үйренушілерге арналған  «Орталық су-спорт кешені» жұмыс істей бастады.  Аталған кешенде оқу-жаттығу жиындары мен  жүзуден спорттық жарыстар тұрақты өткізілуде. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Нұрлы жол», Ұлт жоспары — «100 нақты қадам» бағдарламаларының аясында 2015 жылдың желтоқсан айында қаламызда «Көркем гимнастика спорт кешені» ашылды. Барлығы 707 көрерменге арналған 1 жарыс залы, 4 жаттығу залы, хореографиялық зал, асхана және 56 адамға арналған қонақ үй жайлары бар спорт кешенінде болашақ Әлиялар өсіп келеді.

Садақ ату спорт кешені қала спортшылары оқу-жаттығу процестерін жүргізеді. Оған қоса, ҚР чемпионаттары мен қала біріншіліктері тұрақты өткізіліп келеді. «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК ғимаратында да оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстар өткізілуде. Ғимараттың 500 көрерменге арналған спорт залында үлкен спорттық жарыстар жыл сайын ұйымдастырылуда. Ал, ұлттық теннис орталығы 2012 жылы қыркүйек  айында  пайдалануға беріліп, аталған нысанда ҚР чемпионаттары халықаралық турнирлер, қала біріншіліктері өткізіледі. Оған қоса оқу-жаттығу  жиындары, жаттығу  процесін  өткізіледі.  Royal» спорт кешенінде жүзу бассейіні (25м х12м), 1 тренажер залы, 1 йога залы, теннис корты қарастырылған. Аталған нысанның құрылысы заманауи үлгіде салынып, өз жұмысын жүргізуде. Сондай-ақ,  заманауи үлгіде салынған «World class» спорт кешені  2018 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта, спорттық нысанда 1 бассейн, 1 тренажер залы, 5 иога және т.б спорт залы, 2 балаларға арналған зал қарастырылған. БИІК спорт кешені 2011 жылдың желтоқсан айында ашылып, жалпы ауданы 12 гектарды құрайды. Аталған нысанда қонақ үй, 8 футбол алаңы, жаттығу залы, 3 спорт ангары қарастырылған. 5000 көрерменге арналған трибунасы бар футбол стадионында футболдан чемпионаттар өткізуде.   Жазы ыстық,  қысы жылы өңірде су-жаттығу спортымен айналысуға да тиісті деңгейде көңіл бөлініп келеді. Универсалды байдарка және каноэға арналған су жаттығу базасы 2015  жылы пайдалануға берілді. Объектінің жалпы ауданы 80100 м2 құрайды. Аталған нысанда 100 келушіге арналған қонақ үй, 2 тренажер залы, 2 спорт алаңшасы қарастырылған. Базада оқу-жаттығу процестері мен ҚР чемпионаттары, қала біріншіліктері өткізіледі. Сонымен қатар, қалада соңғы 30 жыл көлемінде Тұмар, Қасиет, Сұңқар, Марс, Жастар, Шамсат, Ақарыс спорт кешендері және отыздан аса футбол манеждері мен 100-ден аса спорт залдары пайдалануға берілген.

1991-2021 жылдар аралығында Жазғы Олимпиада Ойындарына қатысушылар, Әлем чемпионаты, Азия Ойындарының жеңімпаздарымен жүлдегерлері қазақ атын  әлемге асқақтатты. Олардың қатарында Сакиркин Олег, Арзамасов Сергей, Бочарова Татьяна, Макаров Андрей,  Хромова Татьяна, Ахметов Бақыт,  Жаппарқұл Жазира, Сманов Нұржан, Ділдәбеков Мұхтархан,  Саттарханов Бекзат,  тағы басқа ондаған чемпиондардың есімі әркез халық жүрегінде ыстық  сағыныш, рухты жалынмен  сақталмақ.

Спорт саласының дамуы қарқын ала бастауы кездейсоқтық емес. Көптеген спорт кешендері бой көтеріп, спортшылардың әлеуеті арта түсті. Яғни, спорт саласының өрлеуіне тың серпіліс келді. Осының барлығы Тәуелсіздіктің жарқын жемісі. Шыны керек, Егемендікке дейін сақа спортшылар халықаралық додаларда өнер көрсетуіне мүмкіндік аз болды. Себебі, олардың қадамы тұсаулы аттай тар болды. КСРО чемпионатында үздік шыққанымен, Әлемдік чемпионаттарда шеттетіліп қалатын. Осылайша тәуелсіздік жылдарында жалпыұлттық игілікке айналып үлгерген үздік спорттық жетістіктерге қол жеттті. Спорт саласында табыстарға жетіп қана қоймай, спорт инфрақұрылымдарын дамытуда да алға қадам жасады. ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында Шымкент спорты да өрлеу кезеңін бастан кешірді. Мемлекеттің ұдайы қолдауы мен спортшылардың ынта-жігері жоғары нәтижелердің кепілі болды.

 Спорт патриоттық сезімді оятып, Тәуелсіз елімізге деген сүйіспеншілікті бекемдейтін басты құралдың бірі болып қала береді.