ӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР БЕКІТІЛУДЕ
Жылда көктем, күз айларында Балықты ауылдық округіне қарасты Балықты және Абай елді мекендері маңындағы өзендерде су көбеюіне байланысты арнасынан шығып, ауыл тұрғындарына ыңғайсыздық туғызып жататын. Биыл аталған мәселе шешімін тауып Балықты ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі Арыс өзенінің бойындағы қауіпті аймақ бекітілсе, жыл соңына дейін Абай ауылы, Абай көшесі бойындағы Көкбұлақ өзенінің және Ы.Алтынсарин көшесі бойындағы Үлкен Көкбұлақ өзенінің беткейлеріне бекініс орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Балықты ауылдық округіндегі халық алдындағы есепте баяндады.
Сонымен қатар, аудан басшысы алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың көптен бері көкейінде жүрген Балықты ауылының орталығындағы балалар ойын алаңшасы соғылып, жуырда ел иігілігіне берілсе, орталықтағы Спатай батыр, Құрманғазы, Қынтаев көшелері мен Ұрбұлақ ауылы, Ерубаев көшесін жарықтандыруға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда екенің тілге тиек етіп, Шарафкент ауылындағы Батырхан көшесіне толық жарықшамдар орнатылып, пайдалануға берілгенің мәлімдіді.
Аудан әкімінің аудан және округ кесіндісіндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасынан соң, жиын сұрақ-жауап форматында ұласып, жергілікті тұрғындар көкейінде жүргін мәселелерге жауап алды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі