ПАНДЕМИЯ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ ШЫМКЕНТТЕ 9528 АДАМ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚҚАН

Шымкент қаласында коронавирус пандемиясы басталғаннан 10 931 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6156 симптоммен болса, 4775 симптомсыз. Емделіп шыққандар саны – 9528, қайтыс болғандар –55. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

«18 мамырға COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 30 жағдайы тіркелді. Оның 24 симптоммен, 6 симптомсыз. 1 269 адам емделуде, оның ішінде 940 үйлерінде карантин режимінде. Соңғы 14 күнде «COVID-19» жұқтырған науқастармен қатынаста болған 2 620 азамат амбулаторлық бақылауда. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда 1 күнде 6200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 405 702 ПТР тест өткізілді. 17 мамырда 685 ПТР тест жасалған»,-деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, қалада мамандандырылған инфекциялық 1406 төсек-орын бар. Стационарда 679 азамат ем қабылдауда (КВИ – 329, пневмония –345, ЖРВИ – 5). Төсек-орын толымдылығы 48% құрайды, 727 төсек орны бос. Жаңсақтау бөлімінде 159 төсек орын бар, онда 76 азамат ем қабылдауда екен. Ал, эпидемиологиялық жағдай нашарлағанда төсек-орындардың саны 5 416-ға жеткізілетінін атап өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі