ПАРАСАТ САЯБАҒЫ АКЦИЯ АЯСЫНДА 100 ДАНА АРША АҒАШЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Дана бабаларымыз «бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық-мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша, тал өсіріп, өзіңді қалдыр», – деп мұра еткендей, бүгін түркістандық ардагерлер “Парасат” саябағында жиналып, ағаш отырғызды. Енді мұнда бозаршалар тізілген аллея бар.
Шараға қалалық «Ардагерлер алқасы» мүшелері мен жастар және өзге ұлт өкілдері қатысты.
Акцияна қолдауға келген азаматтар бірігіп, 100 дана арша ағашын егіп, түркістандықтарды акцияға белсене қатысуға шақырды.
Жалпы, арша ағашы туралы не білеміз?
Мамандардың мәлімдеуінше, арша бөлетін фитоноцидтер ауаны тазалайды. Жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айнала¬сы¬на 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша ор¬ма¬нының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Аршаны ел ішінде “денсаулық ағашы» деп те атайтын көрінеді.