ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ КӨРІСУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
![](https://aldaspaninfo.kz/wp-content/uploads/2021/03/Көрісу.jpg)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады.
«Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл — нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», — деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.