«Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Q-pop Idols» реалити-шоуы басталады

31 наурыз күні «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Q-pop idols» (Qazaq pop idols) реалити-шоуының тұсаукесері болмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш жоба музыкалық телебайқау форматында өтпек. Жобаның жетекшісі — танымал продюсер әрі музыкант Ерболат Беделхан.

Жобаның мақсаты – заманауи музыка арқылы жастар арасында қазақ тілін насихаттау.

Жобаның талабы бойынша қатысушылар вокалмен қоса би шеберлігін ортаға салып, қазіргі заманғы музыканың ерекшеліктерінен хабардар болуы керек. Атап айтқанда, жан-жақты болып, өлең, музыка жаза алатын дарынды үміткерлер бақ сынасады.

Сонымен қатар, «Q-pop idols» жобасының жеңімпаздары, жаңа  «Juz’I’m» деп аталатын қыздар тобының құрамына енетін болады. Осы жобаға өту үшін, кастингке елімізден басқа, Ресей және Қытайдан 800-ден астам жас дарынды қыздар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

«Q-pop idols» реалити-шоуын 31 наурыздан бастап,  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан әр сенбі сайын 22:45-те көре аласыздар!

«Қамшы» сілтейді