Ресейде құлаған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болған

Ресейдің Норильск қаласының даму агенттігінің басшысы әрі қалалық кеңестің депутаты Сергей Панченко құлаған Ан-148 ұшағында болған, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол ОҚО-ның Белые Воды ауылында туып-өскен

1996 жылы марқұм Омск мемлекеттік техникалық университетінің баспахана факультетін «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітірген. Сосын Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университетінің «Жоғары экономика мектебін» «жалпы және стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. Алғашқы жұмысын Норильск қаласында бастаған. Баспаханада механик, кейін инженер-механик болып қызмет істеген  және баспахана, редакциялық-баспа кешенінде бас инженер болған. 2017 жылы коммерциялық емес автономды «Норильск даму агенттігін» басқарған.

Сергей Панченконың артында әйелі мен екі баласы қалды.

Еске салсақ, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны анықталды.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.