РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ШАРДАРАЛЫҚ ЕРІКТІ ЖАСТАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

25 қазан Республика күніне орай, Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» шарасы аясында сенбілік өтті. Бұл бастамаға ауданның ерікті жастары атсалысқан. Тазалық шарасына 150 ерікті мен 8 техника жұмылдырылып, суқойма жағалауынан тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Жалпы 2024 жылдың басынан «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында аудан тұрғындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен апта сайын тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін аймақта өткізілген сенбіліктер нәтижесінде 576 тонна қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі