РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СҰЛУЛАР БАЙҚАУЫНДА ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТ І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің студенті колледж қыздары арасында өткен республикалық байқаудан жүлделі І орынды алды.

Жуырда Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен республикалық «Колледж Аруы – 2021» атты конкурс өткізілген болатын. Оған еліміздегі барлық колледждің ару қыздары қатысып, бес бағыт бойынша бақтарын сынады.

Байқау «Мен қазақтын қызымын» өзін-өзі таныстыру, «Менің өнерім» ән орындау, «Менің қолөнерім» өнерін көрсету, «Таңғажайып киім» сәндік киім, «Соңғы шарты» инстаграм желісі парақшасында дауыс жинау шарттары бойынша ұйымдастырылды.

Сұлулар сайысына Шымкент қаласындағы колледждер арасында іріктеліп шыққан «Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің ІІ курс студенті Нышанбаева Сымбат Қайратқызы қатысты. «Арнайы тігінші» мамандығының шәкірті Сымбат Нышанбаева барлық сынақтан сүрінбей өтіп, арнайы Грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі