Рухани жаңғыру: бәсекелестік пен қабілет күші

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауы, незінен, елдің  саяси және экономикалық жаңғыру жолын айқындап берді. Сондай-ақ жуырда баспасөзде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел руханиятының қалаптасуындағы жобалар тізбегін қабылдаудың қажеттілігін танытты.

Елбасының бұл бағдарламалық мақаласы қоғамдық сананы өзгертудің басыт алты бағытын белгілеп берді. Яғни осы бағыттардағы дүниетанымдық-идеологиялық  бағдар болып табылады.

Мемлекет басшысы рухани дамуға қатысты дүниетанымдық саладағы жаңғыру ұғымының жаңаша сипатын ашты. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнына негіз болып табылатын, уақыт талаптарына жауап беретін өзекті мәселелерді ашып көрсетті. Бәсекеге қабілеттілігін арттырған халық қана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Яғни, халықтың бәсекеге қабілетті болуы  қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік, экономикалық, саяси бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуымен сипатталады. Сонда ғана қоғамдық сананың өсуін, жаңғыруын қамтамасыз етуге болады.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи болмысының кемелденуімен ғана емес, бәсекеге қа­бі­леттілімен де айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандықтың, тіпті тұтас ұлттың ком­пьютерлік сауаттылығы, шет тілдерін білуі, қарым-қатынастағы мә­дениеті жақсы қасиеттерге ие болуы керек. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді стратегиялық мақсат етіп қоюында да осындай үлкен негіз жатыр. Әлемдегі дамыған елдермен  экономикалық бәсекеге түсе отырып, алға қойған мақсаттарға жету жолында мәдени жаңғырудың алатын орны ерекше.

Ел экономикасының құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік бюджет түсімдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді қысқартып, бизнестің өркендеуіне жол ашу, «көлеңкелі» экономиканың жолына тосқауыл қою таза да қалтқысыз қызметті талап етеді. Осы орайда өз қызметін ұсынып келе жатқан  Мемлекеттік кірістер органдары қоғамның қанағаттану деңгейін артыру мақсатында ауқымды да нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Десе де алға қойған  басты мақсаттарға қол жеткізу үшін сала қызметкерлерінің рухани жаңғыруын уақыттың өзі талап етіп отыр.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді алға тартты. Оның ең негізгісі ұлт тарихының тереңінен бастау алатын рухани ұстанымдарды сақтап қалуда жатыр. Мезгіл сорабынан сүрінбей өткен ұлт құндылықтары мен озық дәстүрін рухани жаңғырудың алғышартына айналдыра білу қажет. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» екенін атап көрсетті.

Елбасы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде  екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білуде жатыр. Мақалада салт-дәстүрдің озығын алып, тозығын тастау керек екендігі атап көрсетілген.

Ондағы тағы бір тамаша идея тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр.

Адамзат тарихына үңілсек, әлемдегі озық өркениеттердің ұлттық сипаттан бастау алғандығы белгілі. Үшінші жаңғыруда біз әлемге еліміздің жаңаша бет-бейнесін танытуымыз қажет. Мұнда ең алдымен сапа керек. Өткен дәуірден қалған, ескірген қағидалардан, орындалмайтын «елес идеологиялардан» бойды аулақ ұстап, жаңа прагматикалық сипаттағы деңгейге қол жеткізу қажет.

Еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі жаңғыруы байыпты қалыпта, уақыт талабын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Эволюциялық жолмен жаңғыру дегеніміз даму жолының негізін ұғынған әрбір азаматтың басты бағдарына айналуы тиіс.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі – «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап – әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Мұндай ұмтылыс біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызары анық.

Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақтылап беріп отыр. Соның бірі – латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау қажет. Сондай-ақ, білім беру жүйесінде дүниежүзінде баламасы жоқ бағдарлама іске асырылатын болады.

Әлемдегі ең озық деп танылған әр түрлі тілдердегі 100 оқулық қазақ тіліне аударылады. Мұның халқымыздың білімін әлемдік кеңістікке, ғаламдық деңгейге алып шығуға тың серпін берері сөзсіз.

Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда өз үлесін ешкімге жібермейтін дербес ұлт болып танылуымыз үшін алдымызға «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр. Мәдениетіміздің озық үлгілері әлемдік деңгейде кеңінен танылып, дүниежүзіндегі бәсекеге қабілеттілігі халықаралық деңгейге сай болуы қажет.

Мақалада айтылған идеяның аясында замандастарымыздың озық ойларын көрсетуге бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын қолға алынатын боламыз. Сондықтан, Елбасы ұсынып отырған рухани жаңғырудың негізгі сипаты өткен мен болашақты үйлестіре жүзеге асыру болып табылады.

Бұл екі арнада мұны жүзеге асырылуы қажет. Оның бірі – ғаламдық жетістіктерді өзімізге әкелу арқылы жаһандық дамуда өз үлесімізді алу. Екіншісі, өткен тарихымыз бен дәстүрлеріміздің асыл құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұлттық бірегейлікте сақтап қалу. Осы ойдың ауқымын кеңейте отырып, Елбасы «Туған елден» «Туған жер» ұласатын бағдарламаны қолға алуды ұсынды. Елбасы Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына ену жолындағы  тың бастамаларды екшей келіп, ол жолдың «рухани жаңғыру» атты ерекше идея арқылы салынатынын тереңнен танып отыр.

 

Алтынсары Үмбетәлиев