САЙРАМДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Сайрамда жалпыаудандық сенбілік өтті. Аталған шараға мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар, ерікті жастар, жалпы 1000-ға жуық адам қатысты. Тазалық шарасына қатысушылар тарапынан 4,3 шақырым арық-атыздар, 3,2 шақырым бетондалған ирригациялық жүйелер артық шөптерден, күл-қоқыстардан тазартылды. Бұдан бөлек, аяқжолдар мен көше жиектері ретке келтірілді. Сенбілік шарасы барысында 16 техниканың жұмылдырылуымен 4,8 тонна қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі