САРЫАҒАШ: ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІККЕ МЫҢНАН АСТАМ ҚАТЫСТЫ

Әр аптаның сенбі күні аудан аумағында аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасы өткізілуде. Бүгінгі күнде тазалық жұмыстарымен бастау алды.
Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды, саябақтармен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.Жалпы тазалық шарасы қала, кент және ауылдық округтер аумағын толық қамтыды. Сенбілікке жалпы 1200 адам белсене қатысып, 9 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 16 техника тартылды.
Ескерте кетсек, алдағы уақытта да аудан аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады. Құрметті аудан тұрғындары сіздерді қоршаған ортаны қорғап, тазалықты сақтауға шақырамыз. Аудан тазалығы бәрімізге ортақ!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі