САРЫАҒАШТА КАНАЛДАРҒА МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс пікірлердің бірі егістік жерлерді ағын сумен қамту мәселесі болатын. Каналдар тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз ету шаралары қиындап, ағын су жетіспеушілігі туындайды.
Бұл ретте, егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджет есебінен облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 экскаватор сатып алынып, «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-і Қабланбек ауылдық округіндегі ұзындығы 0,8 шақырымды құрайтын «Хожахан» каналын механикалық тазалаудан өткізуде.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған каналға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Жауапты тұлғаларға жұмыстар сапалы болу қажет екендігін ескертіп, суғару маусымында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беруді міндеттеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі