«СӘУЛЕ» ШАҒЫНАУДАНЫНДА 2,6 ГА БОС ЖЕР ТЕЛІМІНЕ СКВЕР САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Сәуле» шағынауданындағы бос жер телімдерін абаттандыру мәселесімен танысып, мал шаруашылығы кәсіпкерлігінің бүгінгі ахуалына куә болды.

Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағындауданы, Жаңабазар көшесіндегі № 129 мектептін жанында бос жатқан 2,6 га жер теліміне сквер салу бойынша жерге орналастыру жобасы жер комиссиясына ұсынылып, оң қорытындысы алынған.

Қазіргі таңда жер теліміне мемлекеттік акт алу үшін сәйкестендіру құжаттары рәсімделуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін эскиздік жоба әзірленген. Алдағы уақытта сметалық құжаттама дайындалып, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары атқарылады.

Қала әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждықтарын тыңдады. Жергілікті халық биылғы қыс маусымында елдімекен көшелері уақтылы тазаланғанын жеткізіп, шаһар басшысына өз ризашылықтарын білдірді.

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі