«СЕН ЖАНБАСАҢ ЛАПЫЛДАП…»

Менің Отаным- кең байтақ Қазақстан.Ол Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Сұлу да, көркем табиғаты бар ерекше өлке. Барлық ұлтты бауырына басқан Отанымның ұлылығынан үйреніп,бойжетіп келемін. «Мен-азат елдің ұланымын, «Қазақстан» деген байтақ елдің түлегімін»,- деп зор мақтанышпен айта аламын. Иә, Қазақстан-мен үшін, менің ата -бабаларым үшін де ең қасиетті мекен. Осы елде дүниеге келіп, еңбек етіп, білім алып келеміз және ана тілімізде сөйлеуді, халқымыздың салт-дәстүрлерін білуді міндетіміз деп санаймыз. Халықтар достығы жарасқан елімнің тәуелсіздігі — ең құнды қазынасы. Бұл бақыт оңай келген жоқ….

Монғолдар, жоңғарлар,қалмақтар қазағымның ұлан-ғайыр кең жеріне көздерін тастап, жан-жақтан қыспаққа алды ғой. «Елім!»-деп еңіреп, елінің ел болып қалыптасуына үлкен үлестерін қосқансан боздақтардың есімдері тарихтан белгілі. Олар ертеңін ойлап, болашақты болжаған, саяси сыр шерткен хандарымыз-Абылай,Тәуке, Кенесарылар! Олар бостандық үшін қылыш сермеген,бірлік туын көкке ккөтерген есіл ер батырларымыз – Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай,Жәнібек, Райымбек,Баяндар.Олар тоқсан сөздің тобықтан түйінін түсірген, дана да, кемеңгер билеріміз-Төле, Қазыбек, Әйтекелер. Олар ұлт-азаттық соғысының басшылары,ақын-батырларымыз-Сырым,Махамбет,Исатай,Амангелділер!

Жер қопырап, тау көшірген батырлардың, «Тура биде тума жоқ»,-деп әділдігін айтқан билердің, елімнің басын қосып, туын көтергенхандардың,бүкіл саналы халқымыздың қайсар тұлғаларының арман-ойлары,мақсаттары,тілектері бір еді.Олар қандарын текке төккен жоқ.Тәуелсіздікті аңсаған, мәңгілік жарыққа ұмтылған Қайрат, Ләззат,Ербол сияқты аға-апаларымызұлты үшін өлімге бастарын тікті.Сол күннен бастапошағы сынып,оты сөнуге таянған қазақ елітәуелсіздік туын көтерді. Аяулы Отаным-Қазақстан тәуелсіз,егеменді ел атанды.Нұрлы,ашық аспан,кең, жасыл дала,асқар таулар, сылдыр бұлақтар,сайраған құстар-мұның бәрітуған елімнің табиғи көрінісі-менің үйім,менің елім,Отаным-Қазақстан! Мен қандай өмірге бағыт алсам да, қандай мамандық таңдасам да, құстай биік ұшып, тауға өрлеп шықсам да еліме құшағымды жайып жүгіремін, еркелеймін, саған сенемін, ұлы Отаным.

Мен-егеменді елімнің ертеңімін. «Cен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»,-деп Абай атамыз айтқандай, Отанымның болашағы үшін өз үлесімді қосуға тырысамын.

Иебек ЖӘНІБЕК