СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ «ЦИТАДЕЛЬГЕ» БАРДЫ

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «Цитадельге» барып, ондағы жұмыстармен танысты.
Қаланың құнды жәдігерлерін аралап көрген депутаттар бұл мұражай туристерді тартатын әрі қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Шымкенттің ең көрікті жеріне айналатынын атап өтті. Бүгінде «Цитадельдің» қабырғалары қайта қалпына келтіріліп, абаттандыру мен мұражайландыру жұмыстары жүргізілген.
Алдағы уақытта аталған мұражайды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, былтыр 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленіп, үшінші мегаполисте 1700-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара аясында қаламыздың тарихы мен мәдениетін кеңінен дәріптейтін ескі қалашықтың бекінісін қалпына келтіру іске асырылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы