СЕССИЯДА БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫС ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

Шымкентте карантинге байланысты, алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс бірінші сессиясы онлайн форматта өтті. Мәжіліс сессиясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы шешімініе өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда 2020-2023 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылауға байланысты шығыстар көлемі қайта қаралды. Қаржы әлеуметтік салаға, оның ішінен мүгедектерді гигеналық заттармен қамтамасыз етуге, тұрғындарды табиғи газ, ауыз су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етуге, мектеп құрылысы мен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге, инженерлік-инфрақұрылым тартуға бағытталды.
Сонымен қатар, кадрлық өзгеріске байланысты Шымкент қаласының жер коммисиясы құрамы мен қаладағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі әдістемелік ұйымының жетекшісі тағайындалды.
Мұнан кейінгі қаралған мәселе аумақтық сайлау коммисиясының мүшесі Марс Елекеев өз өтінішіне сәйкес коммиссия құрамынан шығуына байланысты бос орынға қала әкімінің аппаратының бас инспекторы Бақберді Халмурзаевтың кандидатурасы мақұлданды.

Сессия күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының онлайн режимдегі отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады. Жиын соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсыныстарды қолдағаны үшін депутаттар корпусына әкімдік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі