ШАНИН ТЕАТРЫ «ӘШІРБЕК СЫҒАЙ ШӘКІРТТЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЛДЕСІМЕН» марапатталды!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, театр сыншысы, аудармашы, профессор Әшірбек Сығай атындағы «Сын — шын болсын» республикалық театрлар фестивалінде өнер көрсетіп, жаңашыл ізденістері мен жоғары кәсіби шеберліктерін танытқан Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «QORA Z» спектаклі «ӘШІРБЕК СЫҒАЙ ШӘКІРТТЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЛДЕСІМЕН» марапатталды!

Сүйінші хабар ұжымның фейсбук желісіндегі парақшасында жарияланды. Театр қызметкерлерін ортақ қуанышымен құттықтаймыз!