ШАРДАРА: АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында «Таза Қазақстан» тазалық бойынша аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданында қала, ауыл округтерінде ретсіз өскен шөптерді, жиылған қоқыстарды, көше бойындағы ирригациялық жүйелерді және облыстық маңызы бар жол бойларын тазалауға атсалысып санитарлық тазалық жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына қала, ауыл тұрғындарымен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мектеп және балабақшалар жалпы 500ге жуық адам, 14 техника қатысып, 48 көше бойынан 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Қоссейіт ауылдық округі бойынша сенбілік ұйымдастырылып, облыстық маңызы бар жолдардың бойын және ауылға кіреберіс басты жолдың бойы тазаланып, тұрғын үйлер жандары, көше бойларындағы тұрмыстық қалдықтар тазаланды. Сенбілікке ауыл тұрғындары, қоғамдық жұмысшылар, мекемелердің қызметкерлері қатысты, бір көлік сүйремесімен тартылды. Нәтижесінде 6,0 текше метр күл-қоқыс шығарылды.
Тазалық тоқтаусыз жалғаса береді.