ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын 6 көше жергілікті бюджет есебінен толық жөндеуден өтті. Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржысы есебінен 465 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 18 шқ. құрайтын барлығы 21 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алатау батыр, Көксу ауылдық округтеріндегі бұл көшелер пайдалануға тапсырылды. Қала орталығындағы жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын көшелер тазаланып, шыны жарық
шағылыстырғыш микросфералар қосылған тұтас сары түсті жолақтар сызылды.

Шардара қаласының ішіне ұзындығы 20 шақырымды құрайтын тоғыз көшеге жаяу жүргінші жолағын сызу, жол белгілері мен жасанды өткелдер орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс сапасы басты назарға алынып, жолда жүру бөлігін айыратын жолақтар шыны жарық шағылыстырғыш микорсфералар қосылған арнайы қоспа арқылы сызылуда.

Газдандыру бойынша жұмыстар 4 кезеңге бөлініп, кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланған. 2 мыңнан астам халқы бар 25 елдімекеннің жетеуі табиғи газға қосылған. Былтыр 5 ауылдың және «Шардара» № 18 ГТС-ның құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Нәтижесінде 13 407 отбасы, яғни, аудан тұрғындарының 34 пайызы газбен қамтылатын болады. Одан бөлек, Көксу, Қоссейіт ауылдарын табиғи газға қосу күтілуде. Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков а/о, Ақберді елді мекені аумағынан № 18 «Шардара» газ тарату стансасы салынды. Осы жоба аясында Шардара қаласы және қаламен іргелес 11 елді мекендегі 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкіндік алады.

Түркістан облысы аудандары мен елді мекендерінің дамуына оң серпін беретін 67 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде елдімекендерде орта мектеп, аурухана салу, жол тарту, ауыз сумен қамтамасыз етіп, газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы дамуының Кешенді жоспары бекітілгенде негізгі басымдық оңтүстік аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға берілсе, 2021 жылы Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал, Келес аудандарымен бірге Сайрам ауданын да дамыту көзделген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі