Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының күші тоқтатылды

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің білім сапасына қатысты шағым келіп түсті. Осыған байланысты жоғары оқу орнында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау қорытындысы бойынша университет лицензиясын заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Жүргізілген бақылау барысында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті студенттерінің білімі тексерілді. Білім алушылардың 97%-ы шекті балды еңсере алмады.

Заңнамаға сәйкес ЖОО лицензиясының күші тоқтатылған жағдайда, студенттер оқу орнында анықталған бұзушылықтардың жойылуын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.