ШЫМКЕНТ: 6 БАҒЫТТА 100 ЖАҢА АВТОБУС ЖҮРЕ БАСТАДЫ

Шымкентте жоспарға сәйкес қоғамдық көліктердің саны артуда.
Жаңадан 6 бағыт ашылып, 100 автобус жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы жұмыс барысымен танысып, қоғамдық көліктердің кілтін табыстады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қоғамдық көліктерді 80 пайыз жаңалауды тапсырды.
Жалпы бүгінде қалада 71 бағыт болса, енді қосымша 6 бағытқа толығып, қоғамдық көліктердің саны 880 автобусқа жетті.
Айта кетейік, жаңа автобустар Самал-3, Ақжайық, Күншығыс, Хамза, Шымкент сити және Қайтпас 1 шағын аудандарына жүреді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Фото: Самат Мырзалиев