«ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу бәсекесі өтті. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайысты тамашалап, спортшыларға сәттілік тіледі.
«Шымкент барысы» іріктеу жарысында Л.Тажиева атындағы №4 спорт мектебі, №10 ОРБЖСМ спортшылары, жалпы 30-ға жуық балуан белдесті. Биылғы бәсекеде Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз атанды. Нұрсұлтан Қожагелді екінші, Әл-Фараби Бекұлы үшінші орынды иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша үздік 1-2 орынға ие болған балуандар 2021 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық турнирде бақ сынайды.
Сонымен, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров пен Нұрсұлтан Қожагелді Шымкент қаласының намысын қорғайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі