ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАҒА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР АЛЫНДЫ

Шымкенттегі №6 қалалық емханасы тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында медициналық құрылғыларын жаңартуда.
Жақында емханаға екі жаңа «Е-CUBE 8», «Ebit 60» УДЗ аппараты жеткізіліп, медициналық жабдықтар іске қосылды.
Емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаеваның айтуынша, заманауи аппараттар тәулігіне 100-120 пациентті түсіруге мүмкіндігі бар.
– Заманауи жабдықтар 2020 жылдың желтоқсан айында жеткізіліп, көп ұзамай іске қостық. Ескі ультрадыбыстық аппаратпен күніне 65-70 пациентті түсірсек, қазір мүмкіндігіміз екі есеге артты. Мәселен, жылжымалы «Ebit 60» УЗД аппаратының ерекшелігі – емхана ішінде ауыр науқастарды немесе 1,2,3 топтағы мүгедек жандар келген жағдайда пациенттерді орнынан қозғамай түсіруге болады, – деді емхананың бас дәрігері А.Орынбасарқызы.
Айта кетейік, емханада іске қосылған жаңа медициналық құрылғылармен кардиологиялық, перифериялық тамырларды, қаңқа-бұлшықет беттік (әдеттегі), педиатриядағы және ұрықтық тексеруге мүмкіндік бар.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы