ШЫМКЕНТ «ЕҢ ҮЗДІК ДАУЫСТЫ» ІЗДЕЙДІ

Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде аялдамаларды дауыстық хабарландырумен толықтыру көзделіп отыр.
Қалалық Цифрландыру басқармасы жариялаған «Ең үздік дауыс» атты байқау 7-14 сәуір аралығында өтеді.
Егер сіз ерекше дауыс иесі болсаңыз төменде көрсетілген мәтінді дауыстық хабарлама арқылы +7 701 828 70 00 WhatsApp нөміріне жолдаңыз.
«- орталық саябақ аялдамасы келесі Филармония аялдамасы
— күдікті заттар жайлы жүргізушіге хабарласыңыз».