ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА 2-ШІ ОРЫНДА

Шымкент қаласында кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Соның арқасында былтыр инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд теңгеге жетті. Өсім бойынша, республикада 2019 жылғы 17-орыннан 2020 жылы 2-ші орынға шықты.

Шаһардағы инвестициялық ахуал жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов есепті жиында баяндады.

–Өткен жылы 2020-2025 жылдар аралығында іске асатын инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оған құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 жоба енді, -деді қала әкімі.

Биыл Шымкентке 330 млн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып, өсімі 26 пайызды құрамақ.

Сонымен қатар, қала әкімі әр инвестордың Шымкентке салған инвестициясы қаламыздың әлеуетін арттыратынын айтып, қала тұрғындарынан инвесторларды қолдауға шақырды.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі