Шымкент қаласының білім басқармасында 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың есебі

Білім беру мекемелері желісі

Шымкент қаласындағы 752 білім беру мекемелерінде  330218балалар білім алуда. Оның ішінде:

  • мектептер – 178, оқушы саны – 225295(орта мектеп – 133, оқушы – 206658, кешкі мектеп – 4, оқушы – 774, мамандандырылған мектеп – 6, оқушы – 3887,  арнаулы мектеп-интернат – 5, оқушы – 881, жекем. – 30, оқушы – 13095);
  • балабақшалар – 526, бала саны – 77 271(мем. – 79, бала – 19 001, жекем. – 447, бала – 47 447, мектепалды даярлық топтар – 10 823 бала);
  • колледждер31, студенттер саны – 27046 (мем. – 11, студент – 14 031, жекем. – 20, студент – 13 015);
  • қосымша білім беру мекемелері – 9, бала саны – 20 061;
  • арнайы мекемелер (ПМПК – 1, ППТК – 3, Оңалту орт.)– 8,бала саны –606.

Бүгінгі таңда, басқармаға қарасты мектептердің 131-і типтік ғимаратта,                     5-іыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

Қаржыландыру

Шымкент қаласының білім саласына 2020 жылға 106 909 902,0 мың теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 54%-ға артып отыр.

 

Бюджет түрі 2019 жыл

(мың тг.)

2020 жыл

(мың тг.)

1 Жергілікті бюджет 57 742 633,0 87 810 091,0
2 Республикалық бюджет 15 626 385,0 19 099 833,0
3 Үкіметтік қордан 4 825 833,0
Барлығы 73 586 837,0  111 735735,0

 

Білім қорына бөлінген қаржы

2020 жылы жалпыға міндетті білім қорына 3 408 977,0 мың теңге қаралған (2019 ж.- 1 152 170,0 мың тг.). Оның ішінде:

  1. 1 953 088,0 мың тг. – әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 42 368оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етуге;
  2. 184 849,0 мың тг. –7 241 оқушылар жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтуға;
  3. 1 271 040,0 мың тг. – жаңа оқу жылында 42 368 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына «Мектепке жол» акциясы барысында көмек көрсетуге.

Бүгінгі таңда, өңірдегі каратин шараларына байланысты Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің 24.05.2020 жылғы №18 Қаулысына сәйкес жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысы тоқтатылды.

ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік көмекті қажет ететін 42 368 балаға 1 271 040,0 мың тг. қаржы қаралып, жаңа оқу жылында «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға 30 мың тг. көлемінде бір реттік көмек берілді.

Мектепке дейінгі білім беру саласы

Шымкент қаласындағы 526 мектепке дейінгі мекемелерде 77 271 бала қамтылған (о.і.79 мемл. – 19 001, 447 жекем. – 47 447,  мектепалды даярлық топ – 10 823).

Қазіргі таңда,  қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жас аралығындағы 69 885 бала 100% мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған.

 

Мектепке дейінгі мекемелер 2019жыл 9 ай 2020 жыл 9 ай
Мекеме саны Бала саны Мекеме саны Бала саны
Мемлекеттік 79 19 135 79 19 001
Жекеменшік 415 41 940 447 47 447
Шағын орталықтар 3 240
Мектептегі даярлық топтар   10 823 10 823
Барлығы: 497 72 138 526 77 271
Қамту пайызы (1-6 жас)

(Мемлекеттік бағдар.)

  64 741

95,2 %

69 885

100%

 

2017-2020 жылдар аралығында қалада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны100-ге артты(2020ж. — 526, 2017ж. — 426).

Сәйкесінше, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамту пайызы 5,7%-ға артқан(2020ж. – 100%, 2017ж. –94,3%).

Жекеменшік балабақшаларды ашу үрдісін жеңілдету нәтижесінде жекеменшік балабақшалар үлесі 84,9%-ды(447) құрады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер:

  1. Жекеменшік МДҰ-дың материалдық-техникалық базасының жабдықтау деңгейі төмендігі (40%);
  2. Өзін-өзі қаржыландыруы төмен балабақшалар және топ саны аз топтастырылған ( 2 — 6 топ) – 30;
  3. Күрделі жөндеуді қажет ететін балабақшалар – 7;

Шешу жолдары:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау.
  2. 2021 жылдан бастап сенімгерлік басқаруға кезеңмен өткізу;
  3. Күрделі жөндеу: 2020 жылы – 6, 2021 жылы – 3, 2022 жылы – 4 (ЖСҚ);

Педагог кадрлар

2019-2020 оқу жылындағы қаладағы 752 білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны –26 708. Оның ішінде, 133 мемлекеттік мектептердегі педагогтар саны – 15578.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында 2016-2019 жылдар аралығында 14 761(2016ж.-2847, 2017ж.-3304, 2018ж.-4074, 2019ж.-4536) педагог қызметерлер біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.

2020 жылы «Өлеу» ҰБАО, ПШО, РИПКО СО арқылы 8 288-і(57%)курстан өтті.

 Ағымдағы жөндеу жұмыстары

2020 жылы мектептердің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 262 млн. 352 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Жылыту маусымына дайындық

Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстарына 67 млн. 843 мың теңге (133 мектеп,  79 б/б, 9 қос.білім беру) қаралды.

Жылуды пайдалану түрі бойынша 244 мекеменің «Қуатжылуорталығы-3» МКК-нан – 120 мекеме, жеке қазандықтан — 124 мекеме жылытылады.                    Бүгінгі таңда, жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны –17 (№60, 61, 67, 73, 83, 84, 91, 106, 110, 111, 113, 115, 117, 118, 122, 124, 125 жом),сұйық отынмен жұмыс істейтін мекеме саны – 3(№49,95 жом, №10 б/б).

Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін 17 мекемеге 4 701 тонна қатты отын сатып алуға  58 млн. 763 мың тг. және сұйық отынмен жұмыс істейтін 3 мекемеге 190 тонна сұйық отын сатып алуға 43 млн. 133 мың тг. бөлініп, қатты және сұйық отын білім беру ұйымдарына толық жеткізілді.

Күрделі жөндеу жұмыстары

Мектептер.Қаладағы 25 мектеп күрделі жөндеуді қажет етуде. Ағымдағы жылы 7 мектепке (№4,12,18,36,122,120 жом, №1 дарын) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 575 789,0 мың тг.қаржы қаралды. Бүгінгі таңда, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

2021 жылы 5 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге(№11, 14, 50, 66, 107 жом) ЖСҚ дайынау үшін 26 713,0 мың тг.қаралды.

Балабақшалар.Қалада 9 мемлекеттік балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажет.

2020 жылы 6 балабақшаға(№13, 28, 45, 49, 58, 95 б/б)жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 1 675 850,2 мыңтг. қаржы қаралған.  Қазіргі таңда, 4(№13,45, 49, 95 б/б) балабақшада жұмыстар аяқталды,  2(№ 28, 58 б/б) мекеменің аяқтау мерзімі – 31.11.2020 жылға дейін.

2021 жылы 3 балабақшаға(№39, 99,  105 б/б)жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін   24 467,0 мың тг.қаралды.

Колледждер және қосымша білім беру мекемелері. Ағымдағы жылы              «Жол-көлік» колледжінің жатақханасын күрделі жөндеуден өткізуге 113 700,0 мың тг. қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатының жатақханасын  күрделі жөндеуден өткізу үшін 278 462,0 мың тг. қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

«№3 Балалар эстетикалық саз мектебі» ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге56 266,0 мың тг. қаралып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Апаттыжәнеүшауысымдымектептер

Қаланың демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңнан астам балаға артып отырады.

2020 жылдың басында жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4-ке (№50,53,58,115 жом)артып, 2 мектеп ғимараты (№79,101 жом)апатты жағдайға өту қатері бар деп танылды.

Қазіргі таңда, қаладағы үш ауысымды мектептер саны31-ді, апатты мектептер саны 2-ні құрайды.

Білім нысандарының 2020-2025 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, қалада 74 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

2020 жылы 15  білім (оның ішінде 13-мемлекеттік бюджеттен, 1- мемлекеттік-жекешелік әріптестік, 1- «Shymkent» ӘКК АҚ)нысанның және  2 жекеменшік (Құрсай, Тұран ш.а.) мектептің құрылысы салынуда.Жыл соңында пайдалануға берілген уақытта 9 (23,49,56,58,84,87,88,90,92)мектеп екі аусымға өтеді.

2020 жылдың соңына дейін 1 апатты және 9 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілетін болады.

АНЫҚТАМА:

Апатты жағдайдағы №101 мектеп – 600 орындық жаңа ғимарат құрылысы есебінен;

Үш ауысымдағы №23 мектеп – 300 орын. қосымшақұрылыс,

№49 мектеп – Құрсай ш.а. 500 орын, жекеменшік мектеп есебінен,

№56 мектеп — Самал-3 ш.а. 1200 орын жаңа мектеп,

№58 мектеп —  Қайтпас-1 ш.а. 300 орын, жекеменшік мектеп есебінен,

№84 мектеп —  300 орын. қосымша құрылыс,

№87 мектеп — Самал-3 ш.а. 1200 орын., жаңа мектеп,

№88 мектеп — Самал-3 ш.а. 1200 орын., жаңа мектеп,

№90 мектеп – Асар-2 ш.а. 1200 орындық жаңа құрылыс,

№92 мектеп – Сайрам т.а. 412 орындық жекеменшік мектеп есебінен.

Алдағы уақытта апатты мектептер санының артуын алдын алу мақсатында жыл сайын мектеп ғимараттарының техникалық жағдайына талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Үш ауысымды білім беру мәселесін алдын алу бойынша оқушы орны тапшылығы туындау мүмкін болған шағынаудандар мен тұрғын алабтарға зерделеу жүргізіліп, білім нысандарының құрылысы бойынша жоспар жасалған.

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толығымен шешу 2025 жылға жоспарлануда.

2021 жылы  4 (1,9,69,120)мектептің мәселесі бюджеттен және жекеменшік құрылыстар есебінен шешімін табады.

2022 жылы  9 (38,45,46,47,54,55,65,72,80)мектептің мәселесі бюджеттен және жекеменшік құрылыстар есебінен шешімін табады.

2023 жылы  2 (16,115)мектептің мәселесі бюджеттен және жекеменшік құрылыстар есебінен шешімін табады.

2024-2025 жылы 7 (42,50,53,75,77,83,116)мектептің мәселесі бюджеттен және жекеменшік құрылыстар есебінен шешімін табады.

Оқулықпенқамтамасыз ету

Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес 2019 жылы 4, 9, 10-сыныптарды оқулықтармен 100% қамтамасыз етіліп, 1-сыныптың 4000 оқушыға арналған оқулықтар сатып алынды. Қаралған қаржы — 2 141 905,0 мың тг.

2020 жылы 11-сыныптарды оқулықтармен 100%және 2,3,5,6,7,8,10-сынып оқушыларын қосымша оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 1 263 355,0 мың тг. қаралған (тасымалдау — 8 385,0 мың теңге).  Қазіргі таңда, оқулықтар толық тасымалданып, таратылды.

 

Білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту

Қала мектептері 742 интерактивті тақта, 113 биология, 137 физика,124 химия  және 247 лингафондыкабинеттерімен жабдықталған және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 75 мектеп робототехника құралдарымен, 19 мектеп арнайы робототехника кабинеттерімен,5 мектеп (№1,7,23,65,80)STEM лабораториялармен жабдықталған.

Ағымдағы жылы қалада ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «А.Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» ашылды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері  болып табылатын 5 «IT  мектеп-лицейі» қайта құру арқылы ашылды. Осыған байланысты 12 STEM лабораториялары  ашу жоспарлануда.

Одан бөлек, «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «IT-орталығы» қосымша білім береді.

Қашықтықтан білім беру жағдайында225 295оқушының 80 780-не (36%)(80 780  оқушы яғни, 37 873 – компьютерге мұқтаж, 42 907-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары)компьютерге тапшылық анықталды.

Бірінші кезекте білім беру ұйымдарында компьютерлерді уақытша ұсыну есебінен әлеуметтік көмекке мұқтаж 42 907 бала қамтылды.

Болашақта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен ҰБДҚ деректеріне сәйкес қалған 37 873 оқушы қамтылатын болады.

Қазіргі таңдағы орта білім беру ұйымдары оқушыларына таратылған компьютер саны – 33 840 дана.

Оныңішінде:

01.07.2020 ж. дейінкомпьютерлер саны — 20 201 дана;

— 2020 жылдыңқазанайындасатыпалынғаны – 13 639 дана (ҚРҮкіметқорынан— 9444, ЖБ — 4195).

Қалған22 716 компьютер(ҚРҮкіметқорынан — 21 716, ЖБ — 1000)ағымдағыжылдың 30 қазанынадейінжеткізіледі.

Анықтама:

— 19.10.2020 жылғадейінноутбуктер саны — 9 716 дана (Казинтерсервис)

— 23.10.2020 жылғадейінноутбуктер саны — 5000 дана (BILIM MEDIA GROUP)

— 30.10.2020 жылғадейінноутбуктер саны — 8000 дана (Казинтерсервис)

Нәтижесінде, қала бойынша орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайтын болады.

Білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Қаралған қаржы – 235,9 млн. теңге.

Қазіргі таңда, «Қазақтелеком» АҚ арқылы қала сыртындағы елді мекендердің, білім ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту бойынша қосымша келісім шарттар түзілді. Интернетке мұқтаж 19 047 отбасының (жалпы 42 368 бала)17 951-не «Bilim al»интернет-тарифіне қосылған «әмбебап-нөмірлер», 1 096-на кабельді интернетжелісі тартылды.

Шымкент қаласындағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары                  100% бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Дегенмен, 2020 жылы мектептерге  ҚР ІІМ 23.01.2019 жылғы №49 және ҚР БҒМ  23.01.2019 жылғы №32 бірлескен бұйрығындағы талаптарға сәйкес келетін жаңа үлгідегі бейнебақылау камераларын(1 755 нүктеге)орнату мақсатында 402 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Мектеп парталарын жаңарту үшін 306 млн. тг. қаржы қаралып, 18 000 дана парта сатып алынды және 31 мектепке турникет ортану үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Спорт алаңдарымен жабдықтау

Қаладағы 148 орта білім беретін мектептерде 139 спорт зал және 174 спорт алаңшалары (футбол, баскетбол, волейбол) мен 3 ату тирімен қаматамасыз етілген. Оның ішінде, 89 мектепте типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылған

2020 жылы 17 мектепке спорт алаңшалар орнатуға мемлекеттік бюджеттен 560 970,4 мың тг. қаралып, бүгінгі таңда 15 мектепке спорт алаңшалар орнатылды.

Ал, қалған 2(№12, 14)мектептің спорт алаңшаларын орнату жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүруде (аяқтау мерзімі 30.10.2020 ж.).

Одан бөлек, 2020 жылы 40 964,0 мың теңге қаржыға мектептердің спорт залдары құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, 5 мектеп спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген. Оның ішінде, 2 мектепке (№63,101) қосымша құрылыс есебінен спорт зал салынуда,                   3 (№95, 121, 123)мектептің құрылысын салуға жерге орналастыру құжаттары дайындалып, рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Мектептердегі сыртқы әжетханаларды жою

Мектептердің сыртқы әжетханалары жою мақсатында 36 мектепке ішкі әжетхана орнату үшін ЖБ  337 млн. 378 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған.

Цифрлық білім беру ресусртарын қолдану

Мектептерде қашықтан білім беру үшін «Bilim Media Group» компаниясының «Onlinemektep.orq» цифрлық білім беру платформасында  жүзеге асыру туралы  келісім-шарты түзілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру «Smart Nation College» цифрлық білім беру платформасында  жүзеге асырады.

«BilimLand» білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары,  гуманитарлық циклдегі курстар жене жаратылыстану бағытындағы пәндер бойныша цифрлық білім ресурстарын қолдануда.

Сонымен қатар, «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» (аудиовизаулды туынды – анимациялық фильм) анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар,  «Twig»  мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиялық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2020 жылымектеп бітірушілер саны – 8 885, оның ішінде ҰБТ-ға қатысқандары — 8 271.

Сонымен қатар, 546оқушы «Алтын белгі», 359 оқушы «Үздік аттестат»                         иегері атанды.

Жыл Мектеп саны 11- сынып бітірушілер саны ҰБТ-ға

қатысқаны

«Алтын белгі» иегері «Үздік аттестат»                         иегері
2019 130 8 063 5 463 401 360
2020 133 8 885 8271 546 359

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

Шымкент қаласындағы 31 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында    (11 мемлекеттік, 20  жеке меншік)27 046студент білім алуда (мемлекеттің тапсырыс аясында 11 883, ақылы негізде 14 425).  Мемлекеттік 11 колледжде 14031 студент,                 20 жеке меншік колледжде 13015 студент білім алады.

2019-2020 оқу жылында колледж бітірушілерінің саны – 8 032(11 мемлекеттік- 3 560 студент, 20  жекеменшік-4 472 студент)жұмысқа орналасқандарының жалпы үлесі 54%(4 261)құрайды.

Жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы Шымкент қаласы әкімдігінің 01.07.2020 жылғы № 572 қаулысына сәйкес  7 сала бойынша 2754 орын көлемінде орналастырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі 49 орынға артты.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасы аясында биылғы жылы біліктілігі жоқ қаладағы 2243 студент 6 колледжде білім алды.  Бұл бағдарлама бойынша ЖБ 1196 орын (2019 жылы – 1196) бөлінді.

«Жас маман» жобасы шеңберінде 2020 жылы қаладағы 2 мемлекетік колледжді қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру үшін 679,904 мың тг. қаралып, жұмыстар 88%-ға аяқталды. Толық аяқтау  01.12.2020 жылға жоспарлануда.

ТжКБ саласындағы өзекті мәселелер:

  1. Колледждердің жұмысқа орналасқан, өзін-өзі жұмыспен қамтыған түлектерінің ресми тізімдерінде болмауы (мәліметтер базасы БЗЖҚ)
  2. Дуалды оқыту жүйесін тиімді енгізу үшін әлеуметтік серіктестердің жетіспеушілігі.
  3. Бірнеше бейіндегі колледждер және мамандықтардың қайталануы – 10 (12 мамандық).

Шешу жолдары:

  1. БЗЖҚ-на жарна салуды міндеттейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған түлектерді тіркеу жүйесін енгізу.
  2. Дуалды оқыту шеңберінде әлеуметтік серіктестерді 100-ден 150-ге дейін ұлғайту. Өңір бойынша кадрларға нақты қажеттілікті ескере отырып, кадрларды атаулы даярлау.
  3. Колледждердің профилін өзгерту және біріктіру бойынша жұмыстар жүргізу. ТжКБ-ның қайталанатын және талап етілмеген мамандықтарын қысқарту.

Жатақханамен қамтамасыз ету

Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орындары мен 30 колледжде 94 569 студент жастар білім алуда. Оның ішінде, жатақханаға қажеттілік 3 000 орынды құрайды (ЖОО –  1 880 орын,ТжКБ – 1 120 орын).

Қазіргі таңда, қажеттілікке сәйкес 3000 орынға арналған студенттік жатақхана салуды жеке инвесторлар есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

Қосымша білім беру

Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалада 9 қосымша білім беру мекемесінде 20061(10%)оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қамтылған.

Сонымен қатар, қаладағы спорт мектептерінде 15650 бала түрлі қосымша спорт үйірмелеріне, 147 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде түрлі үйірмелер ашылып,  62 071 оқушы түрлі үйірмелерге тартылды.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы жалпы 214 506 оқушының 97 752-сі ып (45,6%)қосымша біліммен қамтылған.

Қосымша білім беру мекемелерінің үлесін арттыру және материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында:

1) 2020 жылы «Балалар эстетикалық саз мектебінің» ғимаратын күрделі жөндеуден өткізілді. Қаралған қаржы – 56 266,0 мың тг.

2) Әкімшілік-іскерлік орталығында мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында (ГЧП) 150 орындық Өнер мектебі салынуда. Тапсыру мерзімі — 2020 жыл.

3) Бекет батыр к. 150 орындық Өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Тапсыру мерзімі — 2020 жыл.

Инклюзивті білім беру

2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласында 0-18 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны – 8175. Оның ішінде мектеп жасындағы бала саны — 5354, мектепке дейінгі жастағы бала саны — 2821.  Аталған балалардың ішінде 507-і басқармаға қарасты 80 жалпы орта мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған. Одан бөлек:

— 60 жалпы орта мектептегі логопедтік пунктерде 2309 оқушы;

— 6 жалпы орта мектептердегі арнайы сыныптарда 458 оқушы;

— жалпы орта мектептерде үйде оқытумен 1143 оқушы (жалпы білім беретін бағдарламасымен — 658 оқушы,  көмекші мектеп бағдарламасымен — 485 бала);

— арнайы мектеп-интернаттарда 836 оқушы;

— Оңалту орталығында 167 бала;

— «Асыл мирас» аутизм орталығында 77 бала;

— психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 239 бала;

— басқармаға қарасты 49 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы логопедтік пункттерде 1771 бала;

—  басқармаға қарасты 5 арнайы түзеу мектепке дейінгі ұйымдарында 606 бала қамтылған.

Сонымен қатар, басқармаға қарасты білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беруге жағдай жасау мақсатында 100% пандустар орналастырылып, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілген.

 

Білім саласындағы цифрландыру жұмыстары

Қазақстан Республикасының «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шымкент қаласының білім беру салысының барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік) цифрландыру жұмыстары іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

Шымкент қаласының білім саласында көрсетілетін34 мемлекеттік қызметтердің 20-і (59%) электрондық, электронды ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған:

1)  балаларды балабақшаларға кезекке кою — «Indigo24.kz»

2) балабақшаға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау — «Indigo24.kz»

3) мектеп жасындағы балаларды 1-сыныпқа қабылдау – «School.shymkent.edu.kz»;

4) балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау — «Mindal»;

5) техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін                             8 мемлекеттік қызметтер — «College.snation.kz»

6) жетім балаларға қызмет көрсету саласында көрсетілетін                             8 мемлекеттік қызметтер — «egov.kz»

2020 жылы қосымша 12 мемлекеттік қызметтіавтоматтандыру арқылы, білім саласында көрсетілетін қызметтерді 100%электронды форматқа көшіру жоспарланған.

Электронды журналдар мен күнделік жүйесін ендіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық журналдар мен күнделік жүйесін енгізу бойынша тапсырмасына сәйкес мектепnth толық «Kundelik» ақпараттық жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар, 2020-2021 жаңа оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталуына байланысты, қаладағы орта білім беру мекемелері бірыңғай «Kundelik» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуде.

Цифрлық сауаттылықты арттыру жұмыстары

Қазақстан Республикасының «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2018 жылы 4 500 қала тұрғыны, 2019 жылы  12 025 қала тұрғыны(жоспар бойынша – 10 000),2020 жылы 4 500 мұғалімтегін оқыту курстарынан өткізілді.

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқу курстары жазғы демалыс кезінде мектептер базасында ұйымдастырылып өткізілуде. Оқыту 5 бағыт бойынша(«Базалық дағдылар», «Е-коммерция», «Ашық үкімет» порталы, «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер») жүргізіліп, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу түсіндірілуде.

Сонымен қатар, мектептерде 190 мұғалім робототехника курсы бойынша, 200 информатика пәні мұғалімдері жаңа форматта және 240 мұғалім 3D принттинг курсы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.

2020 жылы 01.06-30.07 аралығында қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 4879 педагогтер курстан өтті:

  • «Өрлеу», «ЦПМ», «РиПКСО» мекемелері арқылы – 622;
  • «Әдістемелік орталық» КММ арқылы вебинар, онлайн әдістемелік көмек – 576;
  • «Әдістемелік орталық» КММ мен «Bilim-Lend.kz», «B:USTAZ» платформаларымен бірлескен цифрлық білім беру курстары – 3681.

2020 жылы тамыз айында «Onlain.kz» платформасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 15 578 педагог курстан өткізілді.