ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Боранбай Булатбеков Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Боранбай Нығметұлы 1964 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданында дүниеге келген. Мамандығы – инженер-механик, экономист.
Еңбек жолын 1986 жылы Ақмола облысындағы №24 орта кәсіптік техникалық училищесінің мұғалімі болудан бастаған. 1987-2004 жылға дейін Ақмола облысында жол құрылысы және бірқатар салада жұмыс жасаған.
2004-2006 жылдары Астана қаласындағы «Бану 2002» ЖШС директоры, 2006-2013 жылдары Астана қаласында Алматы ауданы әкімдігінің аппаратында бөлім басшысы, 2013-2016 жылдары Астана қаласында Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен.
2016-2019 жылдары Астана қаласындағы «Тазалық» ЖШС директоры қызметін атқарған.
2020 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Энергетика және коммуналдық шаршуашылық басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет етіп келген.