«ШЫМКЕНТ – КӨРІКТІ ҚАЛА» СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2020 жылы 7-11 желтоқсан аралығында сағат 10.00-де «Көрме» орталығында «ШЫМКЕНТ КӨРІКТІ ҚАЛА» сурет көрмесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты — қаланың көрікті де әсем келбетін, тарихи-мәдени орындардың фотогалереясын қала тұрғындары мен қонақтарына кеңінен таныстыру, өскелең ұрпақтың бойында туған өлкеге деген отансүйгіштік сезімін ояту, жастарды шығармашылыққа, әсемдікке баулу.

Шымқаланың көркін айшықтайтын көрмеге қалаға белгілі қылқалам шеберлері мен фотосуретшілердің туындылары қойылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі