ШЫМКЕНТ KUNDELIK.KZ ЖҮЙЕСІНДЕ «АЛТЫН ТҮЙМЕГЕ» ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Шымкент қаласының ұстаздары Kundelik.kz электронды журнал жүйесінде жыл басыннан белсенділік танытып, бірінші орыннан көрінді. Қазіргі таңда, жүйедегі белсенділік 97,3 пайызды құрап отыр.

Өткен жылдың ІІ — жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ең үздік болған Шымкент шаһары Kundelk.kz атынан «Алтын түймеге» ие болды.

Айта кетейік, өткен аптаның қорытындысы бойынша электронды жүйеде аймақтық белсенділікте Шымкент ең үздік нәтижені көрсетіп отыр. Екінші орында Атырау облысы, үшінші орынды Алматы қаласы иеленіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі