ШЫМКЕНТ «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА» ЕНДІ

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы «қызыл аймаққа» өтті. Қалада соңғы тәулікте 141 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде белгілері бар 87, белгілері жоқ 54. Індет анықталған 47 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 94 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 253 орын бар, төсек орын толымдығы 66%-ды құрайды, 86 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 167 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 59 төсек орын бар, 13 науқас ем қабылдауда.

Егу науқаны басталғалы барлығы 592 808 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 576 174 адам вакцинаның екі компонентін алды.Pfizer вакцинасының I компонентін 16 840 адам, II компонентін 6 972 адам қабылдады.Сондай-ақ, 34 962 адам ревакцинацияланды.

Ескерту: Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасында «вакцинация» модулінің жұмыс жасамауына байланысты вакцинациялау бойынша мәлімет 07.01.2022 ж. жағдай бойынша беріліп отыр.

Мегаполистің бас дәрігері Бақытжан Позилов барша шаһар тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға және екпе алмаған халықты вакцина мен ревакцинация алуға шақырды.Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі