ШЫМКЕНТ: МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ӨЗ ҰЖЫМЫМЕН БІРГЕ КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы Майра Мұхамедқызы өз ұжымымен бірге короновирусқа қарсы вакцина салдырды.
— Вакцина қабылдағаннан кейін, менде ешқандай асқыну болған жоқ. Қазір жағдайым жақсы. Алдағы уақытта да өзімнің вакцинадан кейінгі жағдайыммен бөлісіп отырамын. Әлемді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина екенін білемін. Оған өзім де бір кісідей атсалыстым. Сондықтан, салдырсам ба, салдырмасам ба деп ойланып жүрген адамдарды вакцина салуға шақырамын, — деді Майра Мұхамедқызы.
Айта кетейік, театр ғимаратындағы жылжымалы егу пунктінде медицина мамандары 19, 20 сәуір күндері вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Театр қызметкерлерінен бөлек ерікті түрде кез келген қала тұрғындары осында келіп, вакцина салдырса болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы