ШЫМКЕНТ МЕКТЕБІНДЕ БАНАН ГҮЛДЕДІ

Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп – лицейінде цитрустық банан гүлдеп, өз жемісін беруде. Білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы «FLORA&FAUNA» жаратылыстану пәндері лабораториясы ашылып, қыркүйек айында балалар 2 дана банан өсімдігін отырғызған болатын.

Оқушылар мен жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің банан өсімдігін бейімдеу және өсіріп-баптау бойынша жүргізген ғылыми жобалары бүгінде жемісін берді.

Бұдан бөлек, ғылыми жұмыс барысында 10 түрлі цитрустық өсімдік егілген. Қазір лимоннан 60 түп көшет салып тұр. Банан 7 түп, мандарин — 8 түп, анар — 9, киви — 4, ананас — 4, құрма — 15, бадам — 80 түп өсімдік отырғызған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі