ШЫМКЕНТКЕ СОЛТҮСТІКТЕН ҮГІТ-НАСИХАТ ТОБЫ КЕЛДІ

Шымкент қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық орталығында Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы М.Есембаева, Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің орынбасары Кәкімжан Нұрлыбек Қайратұлы, СҚО Уәлиханов ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры З.Мұсабаеваның қатысуымен мемлекеттік көші-қон бағдарламасын насихаттау мақсатында  баспасөз брифингі өтті.

Баспасөз брифингінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  бойынша мәліметтер айтылды.

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы М.Есембаеваның айтуынша, бағдарлама басталғаннан бері қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына 6652 адам (1419 отбасы) енгізілді. Оның ішінде Түркістан облысынан 1860 адам  (393 отбасы) және Шымкент қаласынан 329 адам (69 отбасы).

Ағымдағы жылы облысқа 2600 адам (63 отбасы) көлемінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы жеткізілді.

Павлодар облысында білі беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының мамандарына тапшылық сезіледі.

Ал Қостанай облысының еңбек нарығында білікті жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие: механизаторлар, ауыр жүк автомобильдерінің жүргізушілері, құрылыс кәсіптерінің жұмысшылары, электромонтерлер, механизаторлар, аспаздар.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 2017 жылдан бастап қоныс аудару бағдарламасын іске асыру басталғаннан бастап Қостанай облысына 2441 адам қоныс аударған.

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде: www.zansoc.kostanay.gov, kz «Қызмет» бөлімінде салалық құжаттарда анықтамалық ақпаратта «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат, паспорттар, қоныстандыру карталары, облыстың әрбір ауданы мен қаласы бойынша портфолио, мемлекеттік және орыс тілдерінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесі орналастырылған. Ол ай сайын жаңартылып отырады.

Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдан бастап қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына 6765 адам (2045 отбасы) енгізілді. Оның ішінде Түркістан облысынан 2235 адам (698 адам) және Шымкент қаласынан 558 адам (174 отбасы).

Барлық келген отбасылар мемлекеттен төлем алып, тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 741 отбасы жалға алу құқығын пайдаланды, 859 отбасы отбасы тұрғын үйдің қайталама нарығынан тұрғын үй сатып алды, 445 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.