ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ
Мектепке 1 сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді.
Құжатты қабылдауға өтініш беру E-gov электронды порталы немесе Sakura24.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Қаладағы үш ауысымда білім беретін, бала сыйымдылығы 35-40 болған №1,16,22,29,38,42,46,45,47, 50,53,54,55,58,59,65,69,72,75,77,78,81,83, 88,92,94,95,103,104,115,116,120,122,130 мектептерде оқушыларды қабылдауға шектеу қойылған. Бұл шектеу ҚР денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы негізінде енгізілген.
– Бала санына шектеу қойылған мектептерге құжат тапсыруды 1 сәуірден бастау керек. Мектепте бала қабылдауда шектік санынан асыру олардың құқығын таптау болып есептелінеді. Біріншіден, баланың мекенжайы назарға алынады, толымдылыққа жеткеннен кейін ешқандай бала қабылданбайды. Сондықтан ата-аналардан балаларын жекеменшік мектептерге де жіберуді сұраймын. Ол мектептер мемлекеттен дотация алып, сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған, — деді басқарма басшысы.
Ж.Тәжиеваның сөзінше, білім басқармасының ресми сайтына жекеменшік мектептер туралы мәлімет енгізіледі. Бұл ата-аналарға мектеп таңдауға жақсы мүмкіндік туады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі