ШЫМКЕНТТЕ 26-МАМЫР КҮНІ АВТОХҚКО-ЛАР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ КЕ АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ:
Мамандандырылған ХҚО жұмысын қамтамасыз ететін ҚР ІІМ-нің ақпараттық жүйесінің жұмысындағы ақауларға байланысты Шымкент қаласындағы автоХҚО-лар 26 мамырда жұмыс істемейді. ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары ақауларды жойып жатыр. Мамандандырылған ХҚО-ның қалыпты жұмысы бойынша ақпарат қосымша хабарланатын болады.