ШЫМКЕНТТЕ 6 СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында биыл 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде екеуі бюджет есебінен салынуда.

✅ «Металлург» стадионын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары
✅Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша корпусының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Демеушілер есебінен 4 нысанның құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне беріледі:

✅ Үстел теннисіне арналған спорт нысаны — Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі, н/з
✅ Жаңа ипподром құрылысы
✅ «TURAN ГХА» спорт нысаны — Еңбекші ауданы, 12 шағын аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180
✅ «SPORT LIFE» футбол орталығы – Орынбаев пен Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысы

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі